Жаңалықтар

Елімізде көтерме сауда көлемі 17, 6 трлн теңгені құрады

Елімізде көтерме сауда көлемі 17, 6 трлн теңгені құрады
Фото: ©El.kz/Алишев НҮРКЕН 04.08.2023 06:25 1125

Қазақстандағы көтерме сауда көлемі алғашқы алты ай ішінде 17,6 трлн теңгеге жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2023 жылғы қаңтар-маусымда көтерме сауда көлемі 17 612,4 млрд теңгені құрады, бұл 2022 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 11,1% артық.

2023 жылғы қаңтар-маусымда Республиканың көтерме саудасының жалпы көлеміндегі ең үлкен үлес Алматы (39,6%) және Астана (15,8%) қалаларына, сондай-ақ Атырау (14,9%), Қарағанды облыстарына (5,2%) тиесілі.

Меншік нысандары бойынша көтерме сауданың 62% жеке компаниялар, 36,9% - шетелдік компаниялар үлесінде. Кәсіпорындардың көлемі бойынша көтерме сауданың көп бөлігі шағын кәсіпорындар арқылы өткен – 75,7%.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға