Жаңалықтар

Елімізде коронавирустан 1 науқас қайтыс болды

Ведомство дерегінше, коронавирус пневмониясы 3 адамнан анықталды
Елімізде коронавирустан 1 науқас қайтыс болды
Фото: pixabay.com 12.09.2022 12:03 883

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа шалдыққан науқастар туралы мәлімет ұсынды, деп хабарлайды El.kz.

Ведомство дерегінше, індеттен елімізде 1 науқас қайтыс болды. Коронавирус пневмониясы 3 адамнан анықталды.

Қазір өңірлерде коронавирустан 15 832 адам, соның ішінде 15 598-і коронавирустан (КВИ+) және 234-і коронавирус пневмониясынан (КВИ-) емделіп жатыр. 338 пациент стационарда жатса, 15 494 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

- 14 адамның жағдайы ауыр,

- 2 пациенттің жағдайы өте ауыр,

- 3 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға