Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны азайды

Фото: yandex.kz
Фото: yandex.kz
09.03.2023 09:39
863
Денсаулық сақтау министрлігі елімізде бір тәулікте 27 адам коронавирус жұқтырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Бұл алдыңғы тәулікпен салыстырғанда 52 адамға азайғаны байқалады. 8 наурыз күні 79 адамның ковид жұқтырғаны белгілі болған еді.
9 наурыздағы мәлімет бойынша, 1 731 адам коронавирус инфекциясынан (–1 552 + және 179 КВИ-) емделіп жатыр. Оның ішінде 135 пациент стационарда, 1 596 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 4 адамның жағдайы ауыр,
- 2 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Бөлісу:
