Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны артты
Соңғы мәліметке сәйкес, 2 мыңнан астам адам ауырып жатыр
Фото: egemen.kz
Фото: egemen.kz
17.12.2022 22:25
1506
Елімізде коронавирус инфекциясына шалдыққандар саны артты, деп хабарлайды El.kz Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
17 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 2175 адам коронавирус инфекциясынан емделуде. Оның ішінде, 2068 адамға – КВИ+ және 328 адамға КВИ- диагнозы қойылды. 328 пациент стационарда, 1847 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда, - делінген ведомство таратқан хабарламада.
Жұқпалы індетке шалдыққандардың арасында 14 адамның жағдайы ауыр, 1 пациенттің жағдайы өте ауыр екендігі белгілі болды. 1 науқас өкпені жасанды желдету аппаратымен тыныстауда.
Бөлісу:
