Елімізде коронавирус инфекциясынан 1 713 адам емделіп жатыр

Фото: El.kz
Фото: El.kz
29.03.2023 09:38
764
Өткен тәулікте 95 адамнан коронавирус, 8 адамнан пневмония анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
29 наурыздағы мәлімет бойынша, 1 713 адам коронавирус инфекциясынан (–1 536+ және 177 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде 168 пациент стационарда, 1 545 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 4 адамның жағдайы ауыр,
• 2 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 3 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.
28 наурыздағы мәлімет бойынша, 1717 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатқанын хабарлаған болатынбыз.
Бөлісу:
