Жаңалықтар

Елімізде көмірді автокөлікпен әкетуге салынған шектеу мерзімі ұзартылатын болады

Елімізде көмірді автокөлікпен әкетуге салынған шектеу мерзімі ұзартылатын болады
Фото: Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі 19.10.2023 04:25 671

ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрлігі ел аумағынан автомобиль көлігімен көмірді әкетуге қолданыстағы тыйымды ұзартуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне сілтеме жасап. 

Тыйым салу жылыту маусымынан өту кезеңінде халық үшін көмір тапшылығын болдырмау мақсатында ұзартылатын болды. Бұл шектеу осы жылдың 26 қарашадан бастап алты ай мерзімге ұзартылып отыр. 

Атап айтқанда:

- тас көмір, ұнтақталған немесе ұнтақ емес, бірақ агломерацияланбаған (СЭҚ ТН коды 2701);

- лигнит, қоңыр көмір, агломерацияланған немесе агломерацияланбаған, гагаттан басқа (СЭҚ ТН коды 2702).

Қазақстан Республикасының аумағынан автомобиль көлігімен көмірді әкетуге тыйым салуды белгілеудің орындылығы 2023 жылғы 20 қыркүйектегі сыртқы сауда саясаты және Халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) отырысында қаралды және қолдау тапты, - деп жазылға министрлік таратқан ақпаратта. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға