Жаңалықтар

Елімізде «KazToxBase» токсикологиялық ақпараттық орталығы ашылды

Елімізде «KazToxBase» токсикологиялық ақпараттық орталығы ашылды
Фото: ҚР ПІБ Медициналық орталығы 07.06.2024 19:40 537

Халықаралық тренинг орталығы және «KazToxBase» Токсикологиялық ақпараттық орталығы ҚР ПІБ Медициналық орталығының Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы базасында жұмысын бастады, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.

Орталықтың ашылу салтанатына Еуропалық комиссияның өкілдері және Жапония, Норвегия, Корея, Армения, Қырғыз, АҚШ  және басқа да елдерден келген қонақтар қатысты. Қызыл таспаны ҚР Президенті Іс басқамасы Медициналық орталығының орынбасары Людмила Бюрабекова және Еуропалық комиссия сыртқы саясат құралдары қызметінің бағдарлама менеджері Мария Роза Сабателли кесті.

ҚР Президенті Іс басқамасы Медициналық орталығының ауруханасымен бірлескен токсикологиялық ақпараттық орталығының жұмысы TOXBASE халықаралық базасының деректерін пайдалана отырып, химиялық уланудың алдын алу, диагностикалау және емдеу мәселелері бойынша пациенттер мен медицина қызметкерлеріне консультациялық көмек көрсету жөніндегі дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымдарына негізделген. Бұл Қазақстанға химиялық улану мәселелері бойынша медицина қызметкерлерінің құзыреттілік деңгейін арттыруға және оларды үздік әлемдік тәжірибелер мен халықаралық стандарттар бойынша оқытуға мүмкіндік береді.

Халықаралық Тренингтік орталықтың ашылуы түрлі кәсіптердегі санитариялық дәрігерлердің, токсикологтардың, экологтардың, зертханалық қызмет мамандарының және бизнес өкілдерінің қоғамдық денсаулық сақтаудың өзекті мәселелері бойынша оқу оқуына, тәжірибе алмасуына арналған бірыңғай диалог алаңына айналуға мүмкіндік береді, - деді санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығының директоры Сәуле Шарипова.

Елімізде «KazToxBase» токсикологиялық ақпараттық орталығы ашылды

Фото: ҚР ПІБ Медициналық орталығы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға