Елімізде көмір бір жылда 11%-ға қымбаттаған
Қыркүйек айының қорытындысы бойынша Қазақстанда көмір халық үшін бір айда 2,9%-ға және бір жылда 10,8%-ға қымбаттаған, деп хабарлайды El.kz Energyprom.kz сайтына сілтеме жасап.
2022 жылдың қаңтар-тамыз айларында лигнит пен көмір концентратын қоса алғанда, таскөмірін өндіру көлемі 76,5 млн тоннаны құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,5%-ға артық. Оның 70,6 млн тоннасы тікелей таскөмірге, 3,1 млн тоннасы лигнитке, 2,7 млн тоннасы көмір концентратына тиесілі.
Биыл қаңтар-шілдеде отандық компаниялар лигнит пен көмір концентратын қоса алғанда, таскөмірге сұранысты 99,6%-ға қамтамасыз етті. Ал бір жыл бұрынғы көрсеткіш 99,4% болған еді. Осы кезеңде өндіріс 5,8%-ға, яғни 66,4 млн тоннаға дейін өсті, ал импорт, керісінше, 18,3%-ға, яғни 285,8 мың тоннаға дейін азайды.
Экспорт 16,3%–ға артып, 20,9 млн тоннаға жетті, ал ішкі нарықта сату көлемі тек 1,4% - ға өсіп, 2022 жылғы қаңтар-шілдеде 45,7 млн тоннаны құрады.
2022 жылдың қыркүйек айының қорытындысы бойынша Қазақстанда таскөмір халық үшін бір айда 2,9% - ға және бір жылда 10,8% - ға қымбаттады.
Елімізде 1 тонна көмірдің орташа бөлшек сауда бағасы бір жылда 13,7 мың теңгеден 15 мың теңгеге дейін өсті. Ең қымбат көмір Тараз және Орал қалаларында сатылған. Жоғары баға Жезқазған (16,4 мың теңге), Алматы ( 16,2 мың теңге) және Талдықорған (16 мың теңге) қалаларында тіркелген.