Жаңалықтар

Елімізде халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 12 мыңнан астам баспана салынып жатыр

Елімізде халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 12 мыңнан астам баспана салынып жатыр
Фото: ИИДМ баспасөз қызметі 30.08.2023 17:49 1025

Биыл халықтың әлеуметтік осал топтарын тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша 12,1 мың пәтер салу жоспарланған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап. 

Мемлекеттің басты міндеттерінің бірі халықтың әлеуметтік осал топтарына қолайлы тұрғын үй жағдайларын жасау болып отыр. 2023 жылы халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 10 878 жалға берілетін пәтер сатып алу үшін 105,2 млрд теңге бөлінген.

Бұдан басқа, 2023 жылы кредиттік тұрғын үйді салуға 158,5 млрд теңге сомасына лимит көзделген және 725,8 мың шаршы метр немесе 12,1 мың пәтер салу жоспарланған. Биыл тұрғын үй қарыздарын беру үшін 71,9 млрд теңге қарастырылған . Отбасы банк "2-10-20" ипотекалық бағдарламасы бойынша 3.176 қарызды және "5-10-20"бағдарламасы бойынша 3610 қарызды іске асыруды жоспарланды, - деп жазылған министрлік таратқан мәліметте. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға