Елімізде ескі купюралар айналымнан қашан шығарылады
Фото: El.kz/Арман МҰХАТОВ
Фото: El.kz/Арман МҰХАТОВ
29.08.2024 18:08
472
Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов брифингте ескі 5 және 10 мың теңгелік банкноттар қанша жыл айналымда болатынын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оларды арнайы ауыстырмаймыз, яғни біз барлығын ескі купюраларды әкелуге мәжбүрлейміз деген түсінік жоқ. Екі жыл бойы ескі ақша айналымда қатар жүреді. Ескі банкноттар толығымен таусылғанша қабылданады, - деді төраға.
Айта кетейік, 2024 жылғы 29 тамызда Қазақстан Ұлттық Банкі (ҚҰБ) базалық мөлшерлеме туралы шешімді жариялады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға