Елімізде екінші АЭС қайда салынады? Энергетика вице-министрі жауап берді

Сенат брифингінде энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов Қазақстанда екінші АЭС салуға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сұңғат Есімхановтың сөзінше, АЭС-тің қайда салынатыны туралы әлі нақты шешім қабылданбаған.
АЭС Маңғыстау өңірінде немесе басқа аймақта салынады деп айта алмаймыз. Бірақ тарихи тұрғыдан алғанда, елімізде бұл жүйені дамытуға болатын бірнеше орын бар екені белгілі. Сол себептен Ақтау мен Курчатов туралы да айтылады. Өйткені Маңғыстау облысында бұрын атом станциясы болғанын білесіздер. Курчатовта ұлттық ядролық орталықтың үлкен әлеуеті бар. Сондықтан осы алаңдар талқыланып жатыр. Бірақ екінші орын бойынша шешім жоқ. Мұнда барлық аспектілер – экономикалық, энергетикалық жүйелер, жергілікті халықтың талап-тілегі және басқа да көптеген факторлар ескерілетін болады, – деп атап өтті энергетика вице-министрі.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда бірінші АЭС қайда салынатыны белгілі болған еді.
