Елімізде екі университеттің атауы өзгерді

Фото: yandex.kz
Фото: yandex.kz
16.08.2023 12:35
1825
Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің бұйрығында жазылған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамына Өзбекәлі Жәнібековтің есімі берілсін, - делінген бұйрық жобасында.
Сондай-ақ «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы атауының транскрипциясын өзгерту туралы жазылған.
Бұйрықтың орындалуын бақылау Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелді.
Бұйрық 2023 жылдың 25 тамызынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Бекжан Тұрыс кімдерді зиялы деп санайтынын айтты
Келесі жаңалық
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған шаралар басталды