Елімізде екі мыңнан аса адам коронавирустан емделіп жатыр
Бұл туралы ДСМ мәлім етті
Фото: ortcom.kz
Фото: ortcom.kz
03.01.2023 11:02
955
Өткен бір тәулікте елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырудың 76 жағдайы анықталды, коронавирус пневмониясына шалдыққандар жоқ, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Жалпы, 3 қаңтардағы мәлімет бойынша, өңірлерде коронавирус инфекциясынан 2 680 адам (коронавирустан (КВИ+) –2 487, пневмониядан (КВИ-) – 193) емделуде. Олардың ішінде 259 пациент стационарда, 2 421 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 7 адамның жағдайы ауыр,
- 6 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 2 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Мемлекеттің маңызды факторы - экономиканың жағдайы