Елімізде доллар 476- 481 теңге аралығында саудаланып жатыр
Ұлттық банктің 5 тамыздағы ресми бағамы – 1 долларға 476,18 теңге
Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com
05.08.2022 09:39
2164
Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 476- 481 теңгеден саудаланып жатыр, – деп хабарлайдыEl.kz.
Kurs.kz деректері бойынша, Нұр-Сұлтандағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 475 – 479 теңгеден сатылуда. Ал Алматыда доллар бағамы 476 – 481 теңге аралығында құбылып тұр.4 тамыз кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,32 теңгеге қымбаттап, 476, 39 теңге болған. Ұлттық банктің 5 тамыздағы ресми бағамы – 1 долларға 476,18 теңге.
Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 7,3 – 7,7 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Қазақстанда 28 531 адам коронавирустан емделіп жатыр