Жаңалықтар

Елімізде денсаулық сақтау саласына бөлінетін қаржы 2,5 есе өскен

Елімізде денсаулық сақтау саласына бөлінетін қаржы 2,5 есе өскен
Фото: Akorda.kz 07.12.2023 15:32 907

Президент «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ басқарма төрағасы Әбілқайыр Сқақовты қабылдады. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әбілқайыр Сқақов:

  • әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің жыл басынан бері және жалпы МӘМС қолға алынған уақыт ішінде атқарылған жұмыстардың қорытындысы туралы есеп берді;
  • әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу нәтижесінде денсаулық сақтау саласына бөлінетін қаржы 2,5 есе, ал бір тұрғынның денсаулығына жұмсалатын шығын екі есе өскені жөнінде баяндады
  • азаматтарға арналған медициналық көмектің қолжетімділігін жақсарту жайында айтты;
  • МӘМС жүйесінің тиімділігін арттыруға қатысты Президент тапсырмаларының орындалу барысы туралы ақпарат берді. Атап айтқанда, әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің ауқымын кеңейтуге, Қордың қаржылық тұрғыдан тұрақтылығын қамтамасыз етуге және МӘМС-ке қатысты барлық процесті жедел цифрландыруға бағытталған кешенді шаралар жүзеге асырылып жатыр.

Бұдан бөлек, медициналық сақтандыру жүйесінің қызметіне қатысты қазақстандықтарды мазалаған өзекті мәселелерге назар аударылды. Қор жоспарын іске асыру барысында, ең алдымен, науқасқа және оның медициналық көмекке қажеттілігін өтеуге баса мән беріледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбілқайыр Сқақовқа әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар міндет жүктеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға