Жаңалықтар

Елімізде брокерлік шоттар саны 4 есеге өсті

Бұл туралы «Бағалы қағаздар орталық депозитарийі» АҚ баспасөз қызметі мәлім етті
Елімізде брокерлік шоттар саны 4 есеге өсті
Фото: baq.kz 11.01.2023 17:52 1631

2022 жылы Қазақстан қор нарығы тарихында инвесторлардың рекордтық өсуі тіркелді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Қазақстан қор нарығы тарихында инвесторлардың рекордтық өсуі шот ашу процедураларының жеңілдеуімен байланысты. Атап айтқанда:

– жеке тұлғаны қашықтықтан сәйкестендіру арқылы брокерлік шотты ашу процесін жеңілдетумен және жаңа цифрлық брокерлік мобильдік қосымшалардың пайда болуымен;

– «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның IPO өткізуімен;

– омнибус шоттарын ашу және пайдалану мүмкіндігін енгізумен байланысты.

«Брокерлік шоттардың белсенді өсуі жыл бойы байқалды. KCSD клиенттерінің 99%-ы қазақстандық инвесторлар екенін атап өткен маңызды, бұл жергілікті қор нарығын дамытудың жақсы үрдісін көрсетеді. 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша бейрезидент клиенттердің үлесі 1%-дан аз», - деді Орталық депозитарийдің басқарма төрағасы Әділ Мұхамеджанов.

Бір жыл ішінде Орталық депозитарийдің (KCSD) номиналды ұстау жүйесіндегі қосалқы шоттар саны 4,3 есеге өсті. 2023 жылғы 1 қаңтарда жалпы жүйеде 963 мың шот ашылды, оның 550 мыңы (57,1%) қосалқы шоттарға, 413 мыңы (42,9%) омнибус шоттарына тиесілі.

Статистика бойынша бағалы қағаздарды ұстаушылардың көпшілігі 35 пен 54 жас аралығында, ал 18-24 жас аралығындағы инвесторлар тобы өткен жылы бірден 4 есеге өсті.

2022 жылы омнибус шоттар танымал бола бастады. Егер қаңтар айында 10 мың омнибус шоты тіркелген болса, бір жыл өткен соң 2023 жылы олардың саны 41,3 есе өсті.

Клиенттік активтердің агрегирленген есебін жүргізу, яғни Орталық депозитарийдің бір шотындағы клиенттер пулының активтерін есепке алу 2021 жылдың ортасынан бастап мүмкін болды. Әдетте, омнибус шоттарын жүргізу брокерлер мен банктерге әр клиент үшін жеке қосалқы шот ашудан арзан түседі, сондықтан oмнибус шоттарының саны бір жыл ішінде жарты миллионға жақындап, қосалқы шоттар санына теңесіп қалды.

Омнибус шоттарын енгізу бағалы қағаздар бойынша есептеулер мен есепке алуды арзан, жеңіл және жылдам ететін халықаралық тәжірибеге сәйкес келеді. Бұл KCSD депоненттерінің жұмысын жеңілдетумен қатар, бөлшек инвесторлардың биржалық саудасын да ынталандырып, олардың санын ұлғайтады, сондай-ақ омнибус шоттардың танымалдылығын түсіндіреді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға