Жаңалықтар

Елімізде блогерлерге қатысты термин енгізіледі

Елімізде блогерлерге қатысты термин енгізіледі
Фото: ©AP/Mark LENNIHAN 29.06.2023 11:18 1059

Сенатта «Онлайн платформалар және онлайн жарнама туралы» заң жобасы мақұлданды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Заң аясында «онлайн платформаны пайдаланушы» және «инфлюенсер (блогер)» анықтамаларымен қатар басқа да терминдер енгізіледі.

Заң нормалары мемлекеттік тілдегі онлайн платформалар интерфейсін дамытуға бағытталған. Бүгінгі таңда барлық онлайн платформалар интерфейсті қазақ тілінде пайдалануға мүмкіндік бермейді, пайдаланушы келісімімен толық танысуға қарапайым мүмкіндік жоқ. Заңмен онлайн-платформаларда жалған ақпаратты таратуға және орналастыруға тыйым салу, сондай-ақ онлайн-платформаның меншік иесіне оны жою бойынша талаптар енгізіледі, - деді Сенат депутаты Айгүл Қапбарова.

Сонымен қатар заң жарнамалық мазмұнды орналастыратын пайдаланушылардың жарнаманы таңбалау қажеттілігіне ерекше мән беретінін айтты.

Онлайн-платформалар туралы жарнамаға, әсіресе балаларға қатысты, мақсатты жарнама механизмін неғұрлым мұқият талдау бойынша міндеттемелерді көздеу жоспарлануда. Сондай-ақ заң жобасы онлайн ортаны қауіпсіз және ашық түрде дамытуды көздейді. ҚР азаматтарының өтініштері негізінде буллинг пен өшпенді риториканы қамтитын мазмұнмен күресуге мүмкіндік беретін нормаларды енгізу ұсынылады, - деді сенатор.

Осы орайда «онлайн-платформа» және «онлайн-жарнама» ұғымдарын енгізуге байланысты Қылмыстық, Кәсіпкерлік кодекстерге, «Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары туралы», «Жарнама туралы», «Білім туралы», «Ақпараттандыру туралы» заңдарға түзетулер енгізіледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға