Елімізде биылғы 11 айда ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 13,4%-ға артты

Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com
17.12.2024 16:52
375
Елімізде биылғы 11 айда ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 13,4%-ға артты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов Үкімет отырысында биылғы 11 айда ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 11,6% жылдық жоспармен 13,4%-ға артып, 7,8 трлн теңгені құрағанын хабарлады.
Ол бұл өсім өсімдік шаруашылығындағы өндіріс көлемін 19,9%-ға, мал шаруашылығында 3,2%-ға ұлғайту есебінен қамтамасыз етілгенін атап өтті.
Өсімдік шаруашылығында орташа өнімділігі 16,1 ц/га 26,7 млн тонна астық, оның ішінде бидай – 19,8 млн тонна, күріш – 563 мың тонна. Сондай-ақ 2,9 млн тонна картоп, 3,9 млн тонна көкөніс, 3,2 млн тонна майлы дақылдар және 300 мың тонна мақта жиналды. Мал шаруашылығында сойыс салмақтағы ет өндірісінің 4%-ға, сиыр сүтінің 4,4%-ға және тауық жұмыртқасының 1,2%-ға өсуі байқалды, — деп нақтылады Азат Сұлтанов.
Бөлісу:

Келесі жаңалық
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған шаралар басталды