Жаңалықтар

Елімізде биыл 8 инсульт орталығы ашылады

Бүгінгі таңда республикада 75 орталық жұмыс істеп тұр
Елімізде биыл 8 инсульт орталығы ашылады
Фото: egemen.kz 11.01.2023 04:31 1286

2023 жылы елімізде 2 деңгейлі 8 инсульт орталығы ашылады, деп хабарлайды El.kz Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жұмыс істеп тұрған 75 инсульт орталығының 4-еуі 2022 жылы, өткен жылы 2-деңгейдегі 41 жіті коронарлық синдромы бар науқастарға көмек көрсету үшін тері арқылы коронарлық араласу орталықтарының  3-еуі (Астана, Шымкент және Түркістан қалалары) ашылды . 2023 жылы тағы 2 деңгейлі 8 инсульт орталығы мен 4 тері арқылы коронарлық араласу орталығын ашу жоспарлануда, - деді Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният ведомство алқасының кеңейтілген отырысында.

Денсаулық сақтау жүйесінің тағы бір маңызды міндеті Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауалды платформасын  іске асыру шеңберінде 2023 жылы басталатын онкологиялық қызметті кешенді жаңғырту болып табылады. Бұл жұмыс қолда бар диагностикалық жабдықты жаңғырту, ядролық медицина орталықтарын ұйымдастыру; аз инвазивті хирургияны және емдеудің интервенциялық әдістерін дамыту, ісікке қарсы жаңа дәрілік заттардың қолжетімділігін арттыру, қазіргі заманғы онкологиялық орталықтарды құру сияқты шараларды көздейді.

Жоғарыда аталған іс-шараларды іске асыру нәтижесінде біз ағымдағы жылы өмір сүретін 5 жыл және одан да көп онкологиялық науқастардың үлес салмағы 0,5%-ға ұлғаяды және Д-есепте тұрған пациенттердің жалпы санының 56,5%-ды құрайды деп күтеміз, - деп атап өтті А.Ғиният.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға