Жаңалықтар

Елімізде биыл 10 мыңнан астам табиғатты қорғау заңнамасын бұзу фактісі анықталды

Елімізде биыл 10 мыңнан астам табиғатты қорғау заңнамасын бұзу фактісі анықталды
Фото: t.me/POLICE_of_KZ 11.09.2023 11:38 1622

Жыл басынан бері полиция органдары 10 мыңнан астам табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылық фактісін анықтады. Олардың 330-ы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті Қару айналымын бақылау және табиғатты қорғау басқармасының бастығы Асылбек Ыдырысов мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Биологиялық ресурстар объектілері мен өнімдерін ұрлау фактілері бойынша сатып алу немесе өткізу, оларды заңсыз пайдалану негізінде 10555 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға 89 миллион 800 мың теңгеден астам айыппұл салынған. Заңсыз айналымнан шамамен 79500 тонна ауланған балықтың 5500 тоннасы – бекіре тұқымдас балық. 600 шаршы метр заңсыз дайындалған ағаштар заңсыз айналымнан алынды, - деді Асылбек Түлкібекұлы.

Оқи отырыңыз:

Республика аумағында 2 қыркүйектен бастап күзгі аңшылық кезең басталды. Қару айналымын бақылау және табиғатты қорғау басқармасының бастығы аңшыларды аң аулау және қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын сақтауға шақырды.

Аң аулау кезінде мұндай фактілер тіркелуде. Мысалы, Солтүстік Қазақстан облысында әкесі баласымен аңға шыққанда, баласы қаруды ұстаудың ыңғайын білмегендіктен, өзінің аяғын атып алған, - дейді Асылбек Ыдырысов.

Уәкілетті қорықшы қызметтері аң аулау кезінде бақылауды күшейтіп, бірқатар шара қабылдап жатыр. Ішкі істер органдары табиғатты қорғау органдарына рейдтік іс-шараларды өткізуге көмек көрсетеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға