Елімізде бірнеше жаңа кәсіби мереке пайда болды
Қазақстанда бірнеше жаңа кәсіби мерекелер пайда болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанда жаңа кәсіби мерекелер тізімін жариялады.
Кәсіптік мерекелер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 258 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32924 болып тіркелген) 2025 жылғы 20 қаңтардағы № 16 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін, – делінген министрлік бұйрығында.
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген кәсіби мерекелер қатарында Қазақстанда бухгалтерлік есеп, қылмыстық-атқару, қаржы мониторингі, колледж мұғалімдері және т.б. сала мамандарының кәсіби мерекесі пайда болатын болды. Ол кәсіби мерекелерге:
- 28 қаңтар – Қаржы мониторингі жөніндегі органдар күні;
- Шілде айының біріншісі жексенбісі – Теңіз және өзен көлігі қызметкерлері күні;
- Қыркүйек айының екінші жексенбісі – Бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика саласындағы қызметкерлер күні;
- 2 қазан – ҚР техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру қызметкерлерінің күні;
- Қазан айының соңғы жексенбісі – Авто транспорт саласы қызметкерлері және Автожол саласы қызметкерлерінің күні;
- 10 қараша – Бухгалтерлік есеп және аудит саласындағы қызметкерлер күні;
- 13 желтоқсан – Қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің күні”, – мерекелерімен толықтырылатын болды.