Елімізде «Birge – taza Qazaqstan» экологиялық акциясы өтті
Быилғы жылы Наурыз мерекесі шеңберінде Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде «Birge – taza Qazaqstan» экологиялық акциясы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Экология және табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасап.
Акция Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша экологиялық жағдайды жақсарту үшін 2019 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келеді.
Іс-шараға 135 мыңнан астам адам қатысты. Оның ішінде: 12 мыңнан жоғары еріктілер, 47 мыңнан жоғары мемлекеттік органдардың өкілдері, 65 мыңнан жоғары мекемелердің қызметкерлері, қоғамдық бірдестіктер мен тұрғындар.
Климаттық жағдайға байланысты, іс-шара Қазақстанның алты өңірінде, оның ішінде Жамбыл, Алматы, Қызылорда және Түркістан облыстарында, Шымкент және Алматы қалаларында өтті.
Қатысушылар рекреациялық аймақтарды ретке келтіріп, аула маңындағы нысандарды, көшелер мен саябақтарды тазартты. Көгалдандыру жұмыстарын жүргізіп, гүлдер мен ағаштар отырғызылды.
Акция шеңберінде барлығы 2,5 мың тоннадан жоғары қалдықтар жиналды. Жинақталған қоқыстардың сұрыпталып, 337 тонна әйнек, 97 тонна пластик, 67 тонна резіңке, 49 тонна қағаз бен 130 тонна металл қайта өңдеуге берілді.