Жаңалықтар

Елімізде байланыс операторы тарифтерінің бағасы көтерілді

Елімізде байланыс операторы тарифтерінің бағасы көтерілді
Фото: iStock 24.01.2025 14:15 138

Қазақстанда мобильді байланыс тарифі тағы қымбаттады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің мәліметінше, тарифтердің көтерілуінің бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамаға сәйкес екені зерттелуге тиіс. Агенттік  "КаР-Тел" ЖШС-ден 2025 жылдың ақпан айынан бастап интернет бағасының өзгеруі туралы келіп түскен шағымдарға байланысты заңнамада белгіленген тәртіппен оператордан тиісті ақпарат сұралғанын мәлімдеді.

Мәліметке сәйкес, нарық субъектілерінің әрекеттерінде бәсекелестік заңнамасын бұзу белгілері анықталса, Агенттік монополияға қарсы қажет шараларды қабылдайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға