Жаңалықтар

Елімізде басы бос қыздарға қарағанда бойдақ жігіттер көп

Елімізде басы бос қыздарға қарағанда бойдақ жігіттер көп
Фото: © Pixabay.com 29.11.2023 16:14 1928

Елімізде отбасын құруға асықпайтын 2 миллионға жуық қазақстандық бар, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Статистикаға сүйенсек, бойдақ еркектер саны әйелдерден 133 мыңға көп екені белгілі болды. Үйленбеген қазақстандықтардың басым бөлігі Түркістан облысында тұрады. Онда 250 мыңнан астам бойдақ жігіт, 230 мыңға жуық басы бос қыз бар. Алматы облысында да басы бостар көп.

Ал Атырауда ел бойынша некеге тұрмағандар ең аз, 59 мың бойдақ бар. Солтүстік Қазақстан облысында тұрмыс құрмаған 45 мың әйел тұрады.

Еліміздің барлық аймақтарында бойдақ еркек басы бос әйелден көп болғанымен, Алматыда тұрмысқа шықпаған қыз көбірек. Онда 230 мыңға жуық күйеуге шықпаған қыз және 189 мың бойдақ жігіт тұрады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға