Жаңалықтар

Елімізде баспана бағасы 4%-ға қымбаттады

Елімізде баспана бағасы 4%-ға қымбаттады
Фото: Pixabay.com 10.02.2025 22:43 278

Баспана нарығында жаңа үйлер қымбаттап жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, баға бір жылда 4 пайызға көтерілген. Өсім, әсіресе, Павлодар, Ақтөбе, Көкшетау қалаларында байқалады.

Екінші нарықтағы үй мен жалға берілетін пәтер бағасы да ырыққа көнбей тұр. Соған қарамастан, былтыр баспаналы болғандар аз емес. Бір жылда сату және сатып алу бойынша400 мыңға жуық келісім жасалды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға