Жаңалықтар

Елімізде балалардың Tiktok-ты пайдалану уақытын шектеу мәселесі сөз болды

Елімізде балалардың Tiktok-ты пайдалану уақытын шектеу мәселесі сөз болды
Фото: facebook.com/darhan.hidirali 05.05.2023 17:28 1319

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі TikTok компаниясының Шығыс Еуропадағы мемлекеттік органдармен іс-қимыл бойынша және корпоратив директоры Сергей Соколов және компанияның Орталық Азиядағы мемлекеттік билік органдарымен жұмыс жөніндегі басшысы Дмитрий Пылевпен кездесті.

Жиын барысында 13 жасқа дейінгі балалардың Tiktok-ты пайдалануына шектеу қою бойынша бірлескен жұмыс жүргізу мәселесі талқыланды.

Министр осы арқылы балалар мен жастар арасында суицидтің көбеюіне әкелетін контентті көрсетуді шектейміз деп отыр.

Сонымен қатар кездесуде «Интернет жарнама және онлайн платформа туралы» заң жобасы сөз болған.

Заңнамада онлайн платформа иелерімен бірге жұмыс істеу, қазақша контентті монетизациялау және модеризациялау, интерфейстерді қазақшалау мәселесі қарастырылып отыр, - деді Қыдырәлі.

Сергей Соколов ТикТок платформасында жас шектеулерін сақтау және кибербуллингтің алдын алу үшін мүдделі билік органдарымен, жұртшылықпен және сарапшылармен бірге жұмыс істеуге дайын екенін айтты.

Сонымен бірге TikTok өкілі аталған заң жобасының әзірленуіне өз үлесін қосып, онлайн платформаларды жетілдірудегі мемлекет жұмысына қолдау білдірді, - деді министр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға