Жаңалықтар

Елімізде Балалар жылы қорытындыланды

Біз көбінесе жобаларды әлеуметтік желі және интернет сайыттары арқылы өткіздік
Елімізде Балалар жылы қорытындыланды
Фото: baq.kz 22.12.2022 16:00 3423

ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі балалар жылы аясында бірқатар жобалардың іске асқандығын тілге тиек етті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Қайрат Баймұлдинов министрлік отбасылық құндылықтарды нығайту және жас отбасыларды қолдау, сондай-ақ жанұяда жиі кездесетін мәселелерді зерттеу саласында кешенді жұмыс жүргізуде екенін айтты.

«Елімізде жыл сайын отбасы мәртебесінде ата-аналардың бала тәрибиелеудегі жауапкершілігін нығайту мақсатында «Мерейлі отбасы» өткізіледі. Осы жылы байқауға Қазақстанның әр өңірінен 20 мыңға жуық отбасы қатысты. Әкелердің бала тәрбиесінде рөлін арттыру мақсатында әкелер иниститутын қолдау бойынша жұмыстар жүргізілді. Әр жылда әкелер форумы ұйымдастырылады», - деді.

Сондай-ақ, спикер былтырдан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты тағайындалғанын атап өтті.

«Бұл жобаның негізгі мақсаты дарынды қазақстандық жастардың жаңа және батыл, серпінді ғылыми шығармашылық бастамаларына қолдау көрсету. Биыл 33 жеңімпазға 3 млн көлемінде грант берілді. Жеңімпаздар қатарында 9-10 сыныптың төрт оқушысы бар. Министрлік балалар жылы аясында бірқатар жобаларды іске асырып, үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс жасады», - деді ол.

Еліміздежетім балаларға және толық емес отбасылардан шыққан бүлдіршіндерге көмек көрстеу бағыты бойынша 110 ҮЕҰ жұмыс жасайды.

«Министрлік грантпен қаржыландыру шеңберінде мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік және психологиялық қолдау жобасын іске асырды. Бұған 2 мыңнан астам адам қамтылып және 100 мыңнан астам адамға тегін кеңес көрсетілді. Ата-аналар үшін мамандар тренингтер өткізді», - дейді.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінің төрағасы Қанат Ысқақовтың айтуынша, министрлік медиа жоспар аясында 30 шақты ірі-ірі жобаларды іске асырған.

«Атап өтсек, мемлекеттік арналарда ең маңызды жобаның бірі «Подари детям жизнь», «Жан жылуы» арқылы балаларға нақты қолдау көрсетілді. Бұған қоса, «Балалар дауысы» жобасы өтті. Соның аясында 8-14 жасқа дейінгі дарынды балалар анықталып, өнерін тамашаладық. Балаларға арналған 20 сериядан тұратын төрт деректі фильм және контент әзірленді», - деді.

Спикерлер «Балапан» арнасында бірқатар үлкен жобалардың өткенін айтты.

«Біз көбінесе жобаларды әлеуметтік желі және интернет сайыттары арқылы өткіздік. Оның ішінде «El.kz» порталында «Балақай» айдары ашылды. Мұнда балаларға қатысты тиісті ақпарат беріліп, контент әзірленді. Оған қоса, «baigenews» порталы ресурс және ютуб арнасында «Анамның құрбысының балалары» монолог жобасы ұйымдастырылды. Ең басты мақсат дәстүрлі БАҚ ғана шектеліп қалмай, түрлі сайыттар мен жұмыс жүргізілуде», - деді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінің төрағасы Қанат Ысқақов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға