Елімізде автомобиль жолдарының ұзындығы 572 шақырымға азайды
Фото: © Pixabay.com
Фото: © Pixabay.com
24.05.2023 18:13
941
2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарының ұзындығы 94 781 шақырымды құрады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бұл бұдан бір жылғы бұрынғы көрсеткіштен 572 шақырымға аз.
Оның ішінде:
26,2% – халықаралық және республикалық маңызы бар жолдар
33,5% – облыстық маңызы бар жолдар
40,1% – аудандық маңызы бар жолдар
Жалпы пайдаланылатын автомобиль жолдарының жалпы ұзындығының 94% қатты жабынды жолдарды құрады, бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 88,9% деңгейінде болған.
Айта кетейік, тасжолдардың 3,3% І санатқа, тағы 47,2% ІV санатқа жатады.
Қала ішіндегі жолдардың ұзындығы 25 139 км, ауыл ішіндегі жолдарда – 56 790 км.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Екібастұзда жылусыз қалған тұрғын жарты млн теңге өндіріп алды
Келесі жаңалық
Ұлттық ұлан әскері жас сарбаздармен толықты