Елімізде ауа температурасы -7 градусқа дейін төмендейді
Қазгидромет 26-28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алдағы күндері атмосфералық фронттардың өтуімен, республикамыздың солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында жауын-шашын, республикамыздың оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), желдің күшеюі күтіледі, түнде ауа температурасы 2-7 аязға дейін төмендейді. Республикамыздың батысында, солтүстік-батысында, орталығында Солтүстік-батыс антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Түнгі және таңертеңгі сағаттарда еліміздің солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында тұман күтіледі.
Күндіз ауа температурасы еліміздің батысында +20+27°С дейін, солтүстікте, орталықта +15+23°С дейін, қиыр оңтүстікте +18+25°С дейін, оңтүстік-шығыста +12+20°С дейін баяулап көтеріле бастайды, еліміздің шығысында ауа температура +3+11°С шамасында болады.