Елімізде ауа температурасы 35 градусқа дейін төмендейді

Фото: ©El.kz
Фото: ©El.kz
20.01.2025 13:36
545
Қазгидромет 21-23 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
21-22 қаңтарда Солтүстік-батыс циклонының әсерінен елдің басым бөлігінде жауын-шашын болады: солтүстік өңірлерде қар, кейде қатты қар; Қазақстанның шығысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар түріндегі қатты жауын-шашын жауады.
Сондай-ақ республика бойынша боран, көктайғақ, тұман, желдің 15-28 м/с күшеюі, Қазақстанның шығысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында 30 м/с және одан да қатты жел күтіледі. Антициклоннан бүкіл ел бойынша температураның күрт төмендеуі, солтүстік жартысында 25-35 аязға дейін, оңтүстігінде 15-25 аязға дейін болуы күтіледі.
Бөлісу:
