Жаңалықтар

Елімізде ауа температурасы 34 градусқа дейін көтеріледі

Елімізде ауа температурасы 34 градусқа дейін көтеріледі
Фото: © Pixabay.com 22.05.2023 11:44 910

Республиканың басым бөлігінің ауа райын атмосфералық фронтальді бөлімдер айқындайды, жаңбыр, найзағай, оңтүстік-шығыста бұршақ сақталатын болады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазгидромет мәліметінше, 23-25 мамырда еліміздің оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда қатты жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ауысады) болады деп болжануда. Сондай-ақ республика бойынша желдің күшеюі күтілуде, республиканың солтүстік-батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі.

Қазақстан бойынша күндіз ауа температурасының фоны батыс өңірлерде 29-34 градус жылыға дейін, солтүстік-батыста 25-30 градус жылыға дейін, солтүстікте 23-28 градус жылыға дейін жоғарылауы болжанады, оңтүстікте 23-31 градус жылы, шығыс және оңтүстік-шығыста 15-25 жылы күтіледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға