Жаңалықтар

Елімізде ата-ана міндеттерін орындамаған 12 мың адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды

Елімізде ата-ана міндеттерін орындамаған 12 мың адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды
Фото: ©El.kz/Нүркен АЛИШЕВ 05.02.2024 18:27 2410

Балаларды тәрбиелеуге қатысты міндеттерді атқармайтын 6 мыңнан астам ата-ана профилактикалық тіркеуге алынды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінде өткен брифингте Әкімшілік полиция комитетінің бөлім басшысы Әсет Оспанов айтты. Оның ақпараты бойынша, өмірлік қиын жағдайға тап болған 2 мыңнан астам отбасы анықталды, олар туралы ақпарат мүдделі мемлекеттік органдарға жіберілді. Аата-ана міндеттерін орындамағаны үшін 12 мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ, оқу жылының басынан бастап Ішкі істер органдары бақылауға алған қоғамға қарсы іс-әрекеттер жасауға бейім жасөспірімдер арасында 1400-ден астам бейресми көшбасшылар анықталды, кәмелетке толмағандар арасынан бопсалаудың 40 фактісінің алдын алды.

Басшысының айтуынша,  соңғы 10 жылда кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған құқық бұзушылықтар үш есеге жуық азайды. Өкінішке қарай, жасөспірімдер ғаламтор арқылы күмәнді адамдармен танысып, пәтер жалдап, түрлі іс-шараларды тойлайды, көп жағдайда ата-анасының бақылауынсыз ішімдік ішіп, есірткі қолданады, соның салдарынан қылмыстың құрбанына айналады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға