Жаңалықтар

Елімізде әскери қызметкерлердің жалақысы 60% өседі

Елімізде әскери қызметкерлердің жалақысы 60% өседі
Фото: ©El.kz 30.10.2024 15:49 449

Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Камелетдинов Мәжіліс кулуарында әскери қызметкерлердің жалақысына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Келесі жылдан бастап әскердің, офицерлердің, келісімшарт бойынша әскери қызметкерлердің айлығы көтеріледі. Үш жыл ішінде (2025-2027 жылдар) 60 пайызға өседі, – деді Камелетдинов.

Дегенмен Камелетдинов үш жылдың ішінде айлық қалай өсетінін нақтылаған жоқ.

Мәжіліс «2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын қабылдады. Депутаттар 2025-2027 жылдары шығыс көлемін 4 трлн теңгеден астам сомаға арттыруды, оның ішінде 2025 жылға 2 трлн теңгеге ұлғайтуды ұсынды.

Мәжіліс депутаттары Үкімет таныстырған заңды талқылап болғаннан кейін, құжатты дауысқа салды. Нәтижесінде отырысқа қатысқан 93 депутаттың 82-сі жақтап, 11-і қалыс қалды.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от EL.KZ (@elkz_portal)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға