Елімізде арақ-шарап қымбаттайды

Фото: © Pixabay.com
Фото: © Pixabay.com
11.07.2023 13:06
1777
1 шілдеден бастап елімізде ішімдік бағасы қымбаттайды. Қаржы министрі бөлшек саудада өткізу үшін араққа қойылатын шекті бағаны көтеру туралы бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Атап айтқанда, 1 шілдеден бастап 30 қыркүйекке дейінгі аралықта ішімдіктердің бөлшек саудадағы ең төменгі құны былай белгіленді:
арақтар, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарының бір литрі – 1980 теңге; коньяк пен брендидің бір литрі – 2930 теңге.
Оқи отырыңыз:
Ал 1 қазаннан ішімдіктің ең арзан бағасы: арақтар, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарының бір литрі – 2100 теңге; коньяк пен брендидің бір литрі 3110 теңге болмақ.
Бөлісу:

Келесі жаңалық
Қостанай облысында 100-ге жуық адам құтқарылды