Жаңалықтар

Елімізде алты ай ішінде 1500-ге жуық шақалақ шетінеген

Елімізде алты ай ішінде 1500-ге жуық шақалақ шетінеген
Фото: ©El.kz/Нуркен АЛИШЕВ 11.08.2023 01:20 1186

Жыл басынан бергі алты айда Қазақстанда 1454 нәресте шетінеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ұлттық статистика бюросы таратқан мәліметке сәйкес, алты ай ішінде 53,8 мың неке тіркелсе, 8,1 мың жұп заң жүзінде ажырасқан (АХАЖ деректері бойынша, некені бұзу туралы сот шешімін есепке алмағанда).

Ел ішінде қоныс аударушылар саны 5,8% артты. Өңіраралық көші-қон бойынша республиканың 3 өңірінде: Астана (16 044 адам), Алматы (15 611 адам) және Шымкент (1 049 адам) қалаларында халық миграциясы жоғары.

2023 жылғы қаңтар-маусым аралығында Қазақстанға 13 652 адам көшіп келсе, 6996 адамды керісінше, елден кеткен. Көші-қон сальдосы 6656 адамды құрады.

2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда Қазақстанға келгендер саны 87,3% артқан, ал кеткендер саны 56,7% азайған.

Елімізге халық негізінен ТМД елдерінен көшіп келеді. Осы мемлекеттер үлесі – 89,1%, осы елдерге кеткендердің үлесі – 75,4%.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға