Елімізде әлі жөндеу жұмыстары аяқталмаған қанша мектеп бар
Оқу-ағатру министрі Ғани Бейсембаев мектептердегі жөндеу жұмысының кешіктіріліп жатқанына байланысты түсініктеме берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Министрдің айтуынша, 260 мектепте жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланды. Дегенмен қазіргі таңда 194 білім ордасында ғана жөндеу жұмыстары аяқталды. Ал 80 мектепте жөндеу жұмыстары белгіленген жоспардан шегеріліп аяқталуға мәжбүр.
Атап айтқанда, бұл мектептердегі жөндеу жұмыстары қыркүйек айының соңына дейін жалғасады, ал кей мектептерде қазан айының ортасына дейін жөндеу жүргізіледі. Әрине, біріншіден, бұл жерде мектептерде балалардың сапалы білім ордасында білім алып, қауіпсіздігін қамтамасыз ету маңызды. Бұл жерде мәселе мердігерлермен дұрыс келісімге келмеу немесе жөндеу жұмыстарының жоспарын дұрыс құрмауда емес. Жөндеу жұмыстарының ұзаққа созылуының бір себебі, кейбір мектептердегі ахуалдан жөндеу жұмыстары 3 айдан да көп уақытты талап етуінде. Ондай мектептердің жөндеуіне тіпті 5-6 ай кетуі де мүмкін, - деді Ғани Бейсембаев.