Жаңалықтар

Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасы төмендеді

Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасы төмендеді
Фото: ©El.kz/Нүркен АЛИШЕВ 21.07.2023 12:00 1007

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі өткен аптада 0,1%-ға төмендеді, ал жылдық мәнде 8,4%-ға өсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 атау кіреді.

Баға өзгерісі туралы көрсеткіштер апта сайын жаңарып отырады. Бағаның өзгеруі туралы ақпарат барлық облыс орталығынан, республикалық маңызы бар қалалардан және астанадан жиналады. Ол үшін елдімекеннің әртүрлі бөліктерінде орналасқан тауарлардың кең ассортименті бар әртүрлі типтегі сауда объектілері (гипермаркеттер, супермаркеттер, дүкендер, коммуналдық базарлар, әлеуметтік дүкендер мен павильондар) таңдалады, - деп жазды ведомстводан.

Қазақстан бойынша әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың орташа бағасы мынадай:

Күнбағыс майы – 796 тг/л

Айран– 412 тг/л

Пияз – 193 тг/кг

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға