Елімізде әлеуметтік мәні бар ауруларды диагностикалау тегін болады
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ
17.05.2024 23:11
676
МӘМС сақтандыру мәртебесіне қарамастан, әлеуметтік мәні бар ауруларды диагностикалау тегін болады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ДСМ мәліметінше, бұл халықтың осы тобы үшін медициналық көмекке қолжетімділікті кеңейтеді, медициналық көмекті уақтылы алуға және патологияларды ерте сатысында анықтауға мүмкіндік береді.
Егер қазір сақтандырылмаған азаматтарға тек туберкулезге және АИТВ инфекциясына күдік болған жағдайда ғана қызметтер қолжетімді болса, онда нормативтік-құқықтық актілерге тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін диагностика онкологиялық ауруларға, созылмалы В және С гепатиттеріне және психикалық ауруларға күдік болған кезде қолжетімді болады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Қонаевта мұз үстінде сырғанап жүрген екі бала құтқарылды