Жаңалықтар

Елімізде АЭС-ке қатысты референдумның өтуіне қанша қаржы кетеді? Қаржы министрі жауап берді

Елімізде АЭС-ке қатысты референдумның өтуіне қанша қаржы кетеді? Қаржы министрі жауап берді
Фото: primeminister.kz 06.09.2023 12:21 733

Премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев елімізде АЭС-тің салынуына қатысты өтетін референдумның өтуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Орталық сайлау комиссиясы (АЭС салу бойынша) референдум өтеді деп мәлімдесе, алдымен олар бюджет процесіне сәйкес, бізге тапсырыс береді: осынша қаражат керек, осынша аумақта сайлаушылар комиссиясы ұйымдастырылады дейді. Мен тиісті есептеулерді айтпай тұрып, сіздерге референдум өткізу бойынша осынша қаржы керек деп қалай айтамын? - деді министр Мәжіліс кулуарында.

Журналистер референдумға қанша шығын кететінін нақтылап сұрады.

Бұл бұрғынғы рефередумнан аз болуы мүмкін. Басқаша әдістер қолданылуы ықтимал. Үлкен қаражат керек деп ойламаймын, - деп жауап берді Жамаубаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға