Жаңалықтар

Елімізде 8 мыңнан астам медицина маманы жетіспейді - Сенат төрағасы

Елімізде 8 мыңнан астам медицина маманы жетіспейді - Сенат төрағасы
Фото: ©El.kz/Александр ПАВСКИЙ 02.11.2023 12:00 819

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев еліміздегі медицина саласында кадр тапшылығы өзекті болып отырғанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Денсаулық сақтау қызметкерлерінің жалақысы жыл сайын 20-30% артып отыр. Бұл – медицина қызметкерлерін әлеуметтік қорғауда өте үлкен маңызға ие. Алайда салада кадр тапшылығы бар. Біздің мәлімет бойынша, денсаулық сақтау саласында 8 мыңнан аса кадр тапшы. Бұл тенденция соңғы жылдары байқалып отыр. Оның саны артып бара жатыр, - деді Әшімбаев.

Ол Денсаулық сақтау министрлігімен мәселені шешу үшін заңға қандай өзгеріс енгізіп, қандай норма қабылдауға болады дегенді қарау керек екенін айтты.

Себебі медицина кадрларының жетіспеушілігі – өте өзекті мәселе. Қазір нақты шешім қабылдауды қажет ететін жағдай туындап отыр, - деді ол.

Бұған дейін денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев МӘМС-ке ұсталатын салым туралы ойын айтқан болатын

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға