Жаңалықтар

Елімізде 8 500-ге жуық сайт бұғатталды

Бүгінде елімізде интернет алаяқтық пен қаржы пирамидасы мәселесі өзекті болып отыр
Елімізде 8 500-ге жуық сайт бұғатталды
Фото: ОСҚ 24.11.2022 17:08 1296

Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ баспасөз конференциясында айтылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Бүгінде елімізде интернет алаяқтық пен қаржы пирамидасы мәселесі өзекті болып отыр. Сондықтан халықтың қаржылық қауіпсіздігі мен сауаттылығын арттыру мақсатында бірқатар жұмыс жүргізілуі тиіс.

Мәселені шешу үшін ҚР ҚМА кадр жұмысы департаментінің директоры Нұрлан Адалиев бірқатар жұмысты жүргізіп жатқандарын айтты.

«Кез келген адам қаржылық қауіпсіздікті білмегендіктен алаяқтарға алданып қалып жатады. Мұндай жағдайға тап болмас үшін тұрғындар оқушы кезінен бастап қаржылай сауатты болуы керек. ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі қаржы пирамидасын құру және басқару сияқты алаяқтық түрлеріне қарсы тұру жұмыстарын жетілдірді», - деді ол.

Спикер елімізде биыл қанша интернет-ресурс бұғатталғанын да атап өтті.

 «Интернет кеңістігіндегі алаяқтық жыл сайын өсіп келеді. Алдап халыққа қаржы салдыратындардың санын азайту мақсатында олардың сайты мен әлеуметтік желідегі парақшасы жабылды. Осы жылдың өзінде 8500 интернет-ресурс бұғатталды», - деді Нұрлан Адалиев.

Сондай-ақ  ҚР ҚМА кадр жұмысы департаментінің директоры қаржылық қауіпсіздік жөнінде оқушылар мен студенттерге сабақ жүргізілгені жайлы айтты.

«Оған қоса оқу жылы бастала саласымен 300 мектеп, 34 университет пен 40 колледжде 17 000 оқушы мен студентке алғаш рет қаржылық қауіпсіздік туралы сабақ өткізілді», - деді директор.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға