Елімізде 75,7 мың тонна шоколад пен кондитерлік өнім өндірілді
Фото: 24.kz
Фото: 24.kz
21.12.2022 19:34
1505
2022 жылдың 10 айында Қазақстанда 75,7 мың тонна шоколад және кондитерлік өнім өндірілді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,2%-ға артық. Импорт үлесі - 93,4 мың тонна тәтті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,1%-ға артық. Сырттан әкелінген өнімнің үлес салмағы 55,2% құрады.
10 айдың қорытындысы бойынша ішкі нарықта 140,2 мың тонна шоколад пен кондитерлік өнім сатылды. Бұл ретте экспортқа 28,9 мың тонна тәтті жіберілді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстан-Өзбекстан бизнес-форумында 40 құжатқа қол қойылды