Жаңалықтар

Елімізде 60-тан аса әкімнің орынбасарына айыппұл салынды

Елімізде 60-тан аса әкімнің орынбасарына айыппұл салынды
Фото: El.kz/Арман МҰХАТОВ 21.01.2025 12:45 107

Қазақстанда 60-тан аса әкім орынбасарына айыппұл салынды. Бұл туралы экология министрі Ерлан Нысанбаев Үкімет отырысы кезінде мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ерлан Нысанбаевтың айтуынша, "ҚазақстанҒарышСапары" спутниктік суреттерінің көмегімен бейберекет қоқыс орындарын анықтауға мүмкіндік бар. Экология департаменттері оқиға орнына барып, әрбір жағдайды тіркейді, содан кейін қоқысты жою туралы әкімдіктерге нұсқама беріледі. Егер шара қолданылмаса, лауазымды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

2024 жылы 164 лауазымды тұлға 9,4 миллион теңге көлемінде айыппұл түрінде, оның ішінде аудан және қала әкімдерінің орынбасарлары деңгейінде 61 лауазымды тұлға жауапқа тартылды, – деді министр.

Соңғы жылдары анықталған қоқыс орындарының саны едәуір азайып, жойылу пайызы артты. Мысалы, 2018 жылы 8,7 мың қоқыс орны анықталып (оның 57 пайызы жойылған), 2024 жылы 4,8 мың қоқыс орны анықталып, олардың 91 пайызы жойылған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға