Жаңалықтар

Елімізде 55 жастан бастап арнайы әлеуметтік төлем тағайындалатыны рас па?

Елімізде 55 жастан бастап арнайы әлеуметтік төлем тағайындалатыны рас па?
Фото: El.kz 25.09.2023 10:00 1217

Әлеуметтік желілерде зиянды жағдайларда жұмыс істеген азаматтар үшін 55 жастан бастап тағайындалатын арнайы әлеуметтік төлемдер үшін 7 жыл өтілі болу керек деген ақпарат тарап жатыр. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл мәліметтің жалған екенін мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Министрлік 22 қыркүйекте премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсеновадан 55 жастап бастап зиянды жағдайларда жұмыс істегені үшін арнайы әлеуметтік төлемдерді тағайындау бойынша сауалына берген жауабы журналистердің салғырттығынан бұқаралық ақпарат құралдарда және әлеуметтік желілерде шындыққа жанаспайтын ақпарат ретінде тарап жатыр.

БАҚ-та тараған ақпарат бойынша "Зиянды жағдайларда жұмыс істегені үшін өтілі 7 жылдан кем болмау керек" деп көрсетілген. Бұл туралы жазған журналистердің ақпараты мәселенің толыққанды білмеуінің салдары. Қазіргі таңда арнайы әлеуметтік төлемдерді тағайындау үшін ұсынылатын шарттардың бірі ретінде жұмыс берушінің Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына 7 жылдан кем емес міндетті кәсіби төлемдердің болуы қарастырылып жатыр, - делінген хабарламада.

Министрлік бүгінде мүдделі мемлекеттік органдармен, жұмысшылар мен жұмыс берушілердің өкілдерімен бірлесіп, осыған қатысты тәсілдердің қарастырылып жатқанын хабарлады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға