Жаңалықтар

Елімізде 402 күн бойы АЭС туралы пікірталас болды - Ерлан Қарин

Елімізде 402 күн бойы АЭС туралы пікірталас болды - Ерлан Қарин
Фото: El.kz/Миражан Махан 06.10.2024 08:06 244

ҚР Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин референдумда өз дауысын берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ерлан Қарин елордадағы 164 сайлау учаскесінде өз дауысын беріп, әсерімен бөлісті.

Біз бүгін референдумда еліміздің экономикалық дамуындағы өзекті мәселеге қатысты шешімімізді білдіреміз. Бұл шешімге байланысты еліміздің экономикалық даму стратегиялық бағыты айқындалатын болады. Әр референдумда маңызды мәселе көтеріледі. Сондықтан барша азаматтарды референдумға келіп, өз шешімдерін шығарып, дауыс беруін сұраймын. Референдумда көтерілген сұрақтан бөлек референдумның өзі де маңызды. Байқасаңыздар, Қазақстан ТМД кеңістігіндегі осындай өзекті сұрақ аясында референдум өткізіп жатқан жалғыз ел, - деді ол.

Ерлан Қаринның сөзінше, бұл елімізде жаңа саяси талқылау бойынша дәстүр қалыптасып келе жатқандығын көрсетеді.

Бүгін президенттің АЭС құрылысы бойынша референдум өткізіледі деп Жолдауында мәлімдеме жасағанынан бері 402 күн өтті. Қазақстанның тарихында мұндай ұзақ мерзімді саяси талқылау науқаны болған емес. Соңғы бір жылдың ішінде АЭС құрылысына қатысты тыңдаулар, жиындар, талқылаулар өтті. Әрбір маңызды шарада АЭС туралы сөз қозғалды. 402 күн бойы елімізде АЭС туралы дискуссия болды,- деді Ерлан Қарин.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға