Қазақстанда 38 градусқа дейін күн ысиды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Синоптиктердің болжамына сәйкес, 27-29 мамырда елімізде күн райы күрт өзгереді.
Қазақстанда тәуліктік ауа температурасы жоғарылайды деп күтілуде.
Батыс облыстарда +32-37 градусқа дейін, солтүстік-батыста +30-35 градусқа дейін, солтүстікте +20-30 градусқа дейін, орталықта +20-28 градусқа дейін, оңтүстікте +30-38 градусқа дейін, оңтүстік-шығыста +20-25 градусқа дейін аздап төмендейді, таулы аймақтарда +10-15 градус, шығыста негізгі фон + 23-28 градусқа жетеді, - делінген хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Түркияда президент сайлауы мәресіне жетті
Келесі жаңалық
Қазақстанда қыста мопедпен жүруге бола ма