Елімізде 37 градусқа дейін ыстық болады

Атмосфералық фронттардың өтуімен елдің көп бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі: жаңбыр, найзағай, желдің күшеюі, бұршақ болуы мүмкін, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазгидромет мәліметінше, 27 сәуірде Батыс Қазақстан, Ақмола, 28 сәуірде Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында қатты жауын-шашын болады деп болжануда.
Республиканың батысында, шығысында, оңтүстік-шығысында тұман күтіледі.
26 сәуірге қараған түні Абай облысында, 26-27 сәуірде Шығыс Қазақстан облысында 1-3 градус аяз күтіледі.
Температуралық фон:
Елдің батысында түнде 10-15-тен 2-10-ға дейін, күндіз 20-27-ден 6-14-ке дейін төмендейді.
Елдің оңтүстік-батысында түнде 12-20-дан 7-15-ке дейін, күндіз 20-30-ға дейін, 28 сәуірде 10-18-ге дейін төмендейді.
Елдің солтүстік-батысында түнде 10-17-ден 7-12-ге дейін, күндіз 20-28-ден 12-22-ге дейін төмендейді.
Елдің солтүстігінде түнде 5-10-дан 10-17-ге дейін, күндіз 21-28-ден 18-23-ке дейін төмендейді.
Елдің орталығында түнде 5-15-тен 12-17-ге дейін, күндіз негізгі фон 23-30 жылуды құрайды.
Шығыста түнде 1-8 жылудан, аяз аймағының солтүстік-шығысында 1-3 градустан 10-15 жылуға дейін, күндіз 20-27-ден 23-31 жылуға дейін көтеріледі.
Оңтүстікте түнде 15-20-дан 17-23-ке дейін, күндіз 28-33-тен 32-37-ге дейін көтеріледі.
Оңтүстік-шығыста түнде 5-17-ден 10-20-ға дейін, күндіз 22-30-дан 27-35-ке дейін көтеріледі.
