Жаңалықтар

Елімізде 26 млн ұялы байланыс операторы тіркелген

Елімізде 26 млн ұялы байланыс операторы тіркелген
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 30.11.2024 09:37 97

Қазақстанда 26 млн ұялы байланыс абоненті тіркелген, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,6% көп, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2024 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша абоненттердің жалпы санының 18,7 млн интернетке қосылған, бір жылдағы өсім - 4,8%.

Ұялы байланыс абоненттерінің тығыздығы 100 адамға шаққанда 129 бірлікті құрап отыр, оның ішінде 93 абонент интернет желісіне қосылған.

2024 жылғы қаңтар-қазан аралығында ұялы байланыс саласында көрсетілген қызметтердің көлемі 191,3 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14,4% төмен.

10 ай ішіндегі жалпы байланыс саласындағы қызметтер көлемі 1,1 трлн теңгеге жетті, оның ішінде интернет қызметтеріне 52,5% тиесілі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға