Жаңалықтар

Елімізде 2 мыңға жуық ауылдың болашағы жоқ – Дайрабаев

Елімізде 2 мыңға жуық ауылдың болашағы жоқ – Дайрабаев
Фото: t.me/mazhilis_kz 05.06.2023 13:36 743

Мәжіліс депутаты Жигули Дайрабаев еліміздегі барлық ауылға бірдей жағдай жасау керегін ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, соңғы деректерге қарасақ, елімізде 1450 ауыл жойылған. Ал жойылу қаупі төніп тұрған ауылдар одан да көп.

Соңғы деректерге қарасақ, елімізде 1450 ауыл жойылды. Оған кім жауап береді? Ол ескі Қазақстанмен кетті делік, дегенмен жаңа Қазақстанның өзінде 2 мыңға жуық ауылдың болашағы жоқ деп айтылып жүр. Ауылдың болашағы жоқ деген – қазақтың болашағы жоқ дегенмен тең, - деді депутат.

Ол Мәжілістің көшпелі отырысы кезінде өңірлерді аралап, ауыл тұрғындарының жағдайымен танысқанын айтты.

Ақтөбе қаласынан 60 отбасыны ауылдарға көшіріп, жағдай жасалған. Осы жұмысты бүкіл республикаға істеуге болмас па еді? 2795 ауыл «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасына енбей қалған. Сондай-ақ қалған 695 ауыл түгелдей мемлекет қамқорлығына алынуы керек. Мынау жақсы ауыл, мынау жаман ауыл деген жоқ. Барлық ауылды бірдей қамтып, жағдай жасау керек, - деді мәжілісмен.

Депутат өңірлерде әлі де сусыз, жолсыз отырған ауылдардың барын атап өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға