Жаңалықтар

Елімізде 1729 ауыл мектебі Starlink технологиясымен спутниктік интернетке қосылған

Елімізде 1729 ауыл мектебі Starlink технологиясымен спутниктік интернетке қосылған
Фото: © Pixabay.com 13.07.2024 06:35 538

Қазақстанда Қазіргі уақытта 1729 ауылдық мектеп Starlink технологиясымен спутниктік интернетке қосылған. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде өткен ведомствоның қызметі туралы баспасөз брифингінде белгілі блды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Іс-шараға министр Жаслан Мәдиев, вице-министрлер Асхат Оразбек және Мәлік Олжабеков, сондай-ақ комитет басшылары қатысты.

Кездесу барысында телекоммуникация комитетінің төрағасы Ержан Мейрамов байланыс және интернет сапасын жақсарту бойынша жұмыстың аралық кезеңі бойынша презентация өткізді.

Айта кетейік, бір ай бұрын Цифрлық министрлік басшысы Жаслан Мәдиев Үкіметте осы тақырып бойынша баяндама жасаған болатын. Бүгін бір айдағы жұмыс динамикасы, сондай-ақ байланыс сапасын жақсарту жөніндегі алдағы жоспарлар туралы айтылды.

«Қолжетімді Интернет» ұлттық жобасын іске асырудың негізгі іс-шараларының бірі республикалық және негізгі облыстық автожолдарды мобильді интернетпен қамтамасыз ету болып табылады. Қазақстанда 25 мың шақырымға жуық республикалық автожолдар бар. Министрлік облыс әкімдіктерімен және ұялы байланыс операторларымен бірлесіп автожолдарды интернетке қолжетімді етуге талдау жүргізді. 

Бүгінгі таңда әкімдіктер 243 АМҚ бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізуде. АМҚ құрылысы 2025-2026 жылдары жоспарланған. Бүгінгі таңда 17 АМҚ (13 АМҚ болды) бойынша сараптамалардың оң қорытындылары алынды. 180 АМҚ (153 АМҚ болды) бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде,-делінген министрлік ақпаратында.

Автожолдарды интернетке қолжетімділікпен қамтамасыз ету көлік саласын цифрландыру, қауіпсіздікті арттыру, логистика мен көлік ағындарын басқаруды жақсарту, инфрақұрылым мен қызметтерді дамыту үшін негіз болып табылады. Сонымен қатар, министрлік «ақ дақтарды» (байланыс сапасы төмен жерлер) жою бойынша жұмысты жалғастыруда. Мәселен, 2023 жылы Астана қаласында 67 орын болды, оның 52-сі жойылды. Бүгінгі таңда жаңа орындарды ескере отырып, ЦДИАӨМ 31 орынмен жұмыс істеуде. Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша «ақ дақтарды» жою жөніндегі аналогиялық жұмыс еліміздің басқа өңірлерінде де жалғастырылатын болады.

Қазіргі уақытта 1729 ауылдық мектеп Starlink технологиясымен спутниктік интернетке қосылған. Өткізілген талқылау және Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу шеңберінде төтенше жағдайларды жою кезінде интернетке қол жеткізу үшін Төтенше жағдайлар министрлігінің қажеттіліктеріне пилоттық жобаны (шамамен 70 абоненттік терминал) кеңейту жоспарлануда.

Министрлік ай сайынғы негізде басшылықтың қатысуымен осындай іс-шараларды өткізуге ниетті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға